Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер құрылыс заттарын ұрлаған алматылық тұрғынды ұстады

Тараздық полицейлер құрылыс заттарын ұрлаған алматылық тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы полиция басқармасы жедел басқару орталығына 35 жастағы қала тұрғыны мөлтек аудандардың бірінде орналасқан құрылыс дүңгіршегін белгісіз адамның бұзып ішінен электрлік құрал-саймандарды (префоратор, болгарка,электронды ара) жасырын түрде ұрлағандығы жайлы хабарлаған.

Жалпы келтірілген шығын көлемі 350 мың теңгені құрайды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 33 жастағы Алматы облысының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдіктінің айтуынша ол құрылыс құралдарын төмен бағада сатып, ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсамақ болған.

Қазіргі таңда күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру