Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздықтың пәтеріне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

Тараздықтың пәтеріне ұрлыққа түскен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қалалық ПБ 1-ші полиция бөліміне 44 жастағы жергілікті тұрғын ұрлық дерегі туралы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, сағат 11:30-да белгісіз ер адам медициналық көмек сұрап үйіне кірген.

Үй иесі дәрі қобдишасын әкелуге кеткен сәтте күдікті 200 мың теңгеден астам сомаға бағаланатын алтын әшекейлерді ұрлап үлгерген. Жәбірленуші алтындардың ұрланғанын сөрелердегі шашылған заттарды көргеннен кейін байқаған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде облыс орталығының 45 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады.

ВИДЕО МҰНДА

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы бапқа сәйкес мүлкін тәркілей отырып, 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру