Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен полицейлері бейімдеу орталығынан ескертусіз кеткен екі тәрбиеленушіні тапты

Өскемен полицейлері бейімдеу орталығынан ескертусіз кеткен екі тәрбиеленушіні тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қыркүйекте сағат 13:00-де “102” арнасына кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының 56 жастағы тәрбиешісі хабарласты. Ол 11 және 12 жастағы кәмелетке толмаған екі тәрбиеленуші орталықтан өз еркімен кеткендігін хабарлады.

Кәмелетке толмағандардың орналасқан жерін анықтау мақсатында дабыл бойынша жедел-іздестіру тобы дереу жиналды.

Тәртіп сақшылары кез-келген ақпаратты білетін адамдармен сұхбаттасып, іргелес аумақтарды: саябақтарды, алаңдарды, жастар жиналатын орындарды, дәмханаларды, тұрғын үйлердің кіреберістерін мұқият тексерді.

– Ертіс ПБ КТІЖ инспекторы Нұргелді Ислямов пен Ертіс ПБ ювеналды полиция қызметкері Руслан Мазбаев қабылдаған шаралардың нәтижесінде ұлдар Новаторов және Лев Толстой көшелерінің қиылысынан табылды. Кәмелетке толмағандар түсіндіргендей, олар тәрбиешілерге ескертусіз қалада серуендегісі келген. Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, олар орталыққа жеткізілді, – деп түсіндірді Өскемен қалалық Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Орал Рыспаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру