Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшылары көлігі бұзылған жүргізушіге көмектесті

Алматы облысының полицейлері жолда көлігі бұзылған жүргізушіге межелі жерге жетуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы Іле ауданының патрульдік полиция қызметкерлері жолдың ортасында көлігі бұзылған жүргізушіге көмектесті. Олар өз күштермен көлік құралын жөндеуге тырысқан, алайда сәтсіз әрекеттерден кейін, олар көлікті техникалық қызмет көрсету станциясына апаруға шешім қабылдаған.

– 212-борт патрульдік экипажының қызметкерлері патрульдеу кезінде жолдың ортасында тұрған автокөлік құралын байқаған. Тоқтау себебін анықтаған тәртіп сақшылары көлікті бірден “реанимациялауға” кіріскен. Естеріңізге сала кетсем, патрульдік полицияның әрбір қызметкері кәсіби жүргізуші болып табылады және көліктің кішірігім ақауларын өзі жөндей алады, – деді Іле аудандық ПБ бастығы Марат Күштібаев.

Полиция қызметкерлері күн сайын дерлік жолдарда түрлі жайттарға жолығады және олар қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек қолын созып, олардың проблемаларын шешуге бар күшін салады. Бұл соңғы бес күнде ішінде тәртіп сақшылары жүргізушілерге көмектескен оныншы оқиға болып табылады.

– Мұндай ауа – райында әрбір азамат өзінің мүмкіндігіне қарай жол қозғалысының басқа қатысушыларына көмектесуі тиіс. Тіпті қызметте болмаса да, мұндай жағдайды көре тұра көмек бермеу мүмкін емес. Жүргізушілерді көлікті қысқы жағдайға дайындау үшін қажетті шараларды қабылдауға шақырамын. Темір тұлпарларыңыздың техникалық жағдайын қадағалаңыз және жол ережесін бұзбаңыз. Егер сіз қиындыққа тап болсаңыз, полиция қызметкерлері әрқашан кәсіби көмек көрсетуге дайын, – деп толықтырды Марат Күштібаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру