Тәртіп сақшылары қайырымдылық шараларына атсалысуда
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасыларға барып, оларға азық-түлік жеткізіп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары балалар үйіне, қарттар үйіне, аз қамтылған және тұрмысы нашар отбасыларға әрдайым қолдау көрсетіп келеді.
Қызметкерлер әсіресе азық-түлік пен тұрмыстық тауарларға мұқтаж отбасыларды қолдауды жөн деп санайды, сонымен қатар балаларға ерекше назар аударып, олардың көңіл-күйлерін көтеретін сыйлықтар табыстауға тырысады.
– Біздің шағын көмегіміз оларды қуантады және осы арқылы олардың күнделікті өміріне аз да болса қолдау көрсетуге тырысамыз, – деді облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Қалдымұрат Айғарақов.