Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ташкентте ТМД елдерінің көші-қон қызметтері өзара іс-қимылды талқылады

Ташкентте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің көші-қон органдары басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстаннан көші-қон органдарының делегациялары, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитеті мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы қатысты.

Байқаушылар ретінде кездесуге Түркіменстан, Еуразиялық экономикалық комиссия және жалпы кәсіподақтар конфедерациясының өкілдері шақырылды.

Кеңес мүшелері ТМД елдеріндегі көші-қон ахуалын, Достастық елдерінің көші-қон органдарының көші-қон саласындағы ұлттық заңнамаларындағы және құқық қолдану практикасындағы өзгерістерді, заңсыз көші-қонның жолын кесу бойынша бірлескен профилактикалық, жедел-іздестіру іс-шараларын және арнайы операцияларды жүргізуді талқылады.

Кеңес мүшелері шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды уақытша ұстаудың мамандандырылған мекемелерінің жұмыс істеуі саласындағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің тәсілдерін қарастырды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ортақ көші-қон кеңістігі тұжырымдамасының жобасын әзірлеу мәселелері талқыланды.

Бұдан басқа отырыста ТМД мемлекеттері органдарының көші-қон процестерін басқару саласындағы құзыретті құрылымдарын, міндеттері мен функцияларын талдау нәтижелері талқыланды және өзара іс-қимылды күшейту және олардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірленді.

Сондай-ақ заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану және халықты ақпараттандыру бойынша өзара іс-қимыл жасау тәжірибесімен алмасу өтті.

Жауап қалдыру