Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Тасымалдаушы” ЖПІШ: Шымкентте 13 заң бұзушылық анықталды

Қоғамдық көліктегі оқыс оқиғалар мен құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу мақсатында ІІМ-нің нұсқауымен республика көлемінде “Тасымалдаушы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған шараның бір күнінде шымкенттік полицейлер қоғамдық көлікте заң бұзушылыққа жол берген 13 жайтты анықтады.

Оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік iшкен немесе масаң күйде жүрген 6 тұлға, тыйым салынған орындарда темекі шеккен 6 азамат және қоғамдық орындарда тиіскені үшін бір адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, профилактикалық жұмысқа 600-ден астам тәртіп сақшысы жұмылдырылды. Қоғамдық көлік ішіндегі тәртіп пен заңдылықты сақтау және жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара 11-15 қаңтар аралығында жалғасады.

Полицейлер автобус ішінде қандай да заң бұзушылықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, бірден “102” арнасына хабарлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру