Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Таза Қазақстан": Жамбыл облысында қоғамдық орындарды ластаған 392 тұрғын жауапқа тартылды

Жамбыл облысында қоғамдық орындарды ластаған 392 тұрғын жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында полицейлер қоғамдық тәртіп пен тазалық талаптарын бұзған азаматтарды анықтау жұмыстарын күшейтті. Қоғамдық орындарды ластап, белгіленген ережелерді сақтамайтын тұрғындар бейнебақылау камераларының тұрақты бақылауында.

Көшеде темекі тұқылын тастау, сусын бөтелкесін немесе өзге де қоқысты жол жиегіне қалдыру сияқты әрекеттер қоғамдық орынды ластау ретінде қарастырылады.

Облыс аумағында орнатылған бейнебақылау камералары арқылы мұндай құқық бұзушылықтар күн сайын тіркелуде. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 392 деректі анықтап, құқық бұзушыларға заңға сәйкес тиісті шаралар қолданды.

Полиция өкілдерінің айтуынша, қоғамдық тазалықты сақтау тек коммуналдық қызметтің емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Жамбыл облысы полиция департаменті тұрғындарды көшелер мен қоғамдық орындарда тазалықты сақтауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру