Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда зейнеткер танысынан ақша ұрлаған ер адам ұсталды

Теміртауда зейнеткер танысынан ақша ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 маусымда Қарағанды облысының Теміртау қаласы ПБ-на 84 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол белгісіз біреу пәтерден 60 мың теңге ұрлап кеткенін хабарлады. Зейнеткер өз жинақтарын сөреде сақтаған екен. Сонымен қатар, оқиға орнында есікті бұзу іздері болмаған.

Жәбірленушінің үйіне оның бұрыннан білетін танысы – 44 жастағы ер адам еркін кіргені белгілі болды. Ол көбінесе зейнеткерге құрылыс және сантехникалық жұмыстарына көмектескен және ақшаны қайда ұстайтыны туралы білген.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері “ізін суытпай” күдіктіні ұстады, ол еркін қолжетімділікті пайдаланып, жәбірленушіге байқатпай оның жинақтарын қолына түсіргенін айтты.

Екі күн бұрын Шахтинск қаласының маңындағы қалашықта жеке үйде тұратын 64 жастағы зейнеткер осындай жағдайға тап болған. Таңертең ол үй учаскесінде орналасқан металл ыдыстардың жоғалып кеткенін анықтады. Белгісіз біреу түнгі уақытта зейнеткердің ауласына кіріп, арбаны, ыдысты, раковинаны, құбырды ұрлап кеткен. Шығын сомасы 26 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шахтинск қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні – жәбірленушінің көршісі болған 34 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол ұрланған мүлік металл сынықтарын қабылдау орнына апарғанын түсіндіріп, мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.

Екі дерек бойынша ҚР ҚК “Ұрлық” 188-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру