Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстанда “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы қайта өтуде

Шығыс Қазақстанда “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы қайта өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ЖКО алдын алу және түсіндіру жұмыстары, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында көлік тәртібін арттыру, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 28 маусым мен 2 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Қауіпсіз жол» облыстық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

– 5 күн ішінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтап, жолын кеседі. Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде жолдарда, әсіресе түнгі уақытта патрульдік полиция нарядтарының тығыздығы артады. Тәртіп сақшылары көлікті мас күйінде басқарумен байланысты ЖҚЕ бұзушылықтарын, басып озу, қарсы жүріп өту, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау және ұялы телефон арқылы сөйлесу ережелерін анықтайды, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру