СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері 91 жастағы зейнеткерге көмек қолын созды
СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері 91 жастағы зейнеткерге көмек қолын созды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ЕС-164/1 мекемесінің қызметкерлері, атап айтқанда тәрбие жұмысы жөніндегі бастықтың орынбасары Елдар Қарағыров пен режим және күзет бөлімінің бақылаушылары ҚАЖ саласының зейнеткері Валентин Гончаровқа барып қайтты, ол биыл 91 жасқа толды.
Тергеу изоляторының қызметкерлері жалғыз басты зейнеткерлерге үздіксіз көмек көрсетіп тұрады. Жас қызметкерлер Валентин Тимофеевичке аумақты қоқыстан тазартуға, отын жинауға көмектесті.
Валентин Тимофеевич небәрі 18 жасында тергеу изоляторына қызметке кірді. Режим және күзет бөлімінің бақылаушысынан корпус бойынша жетекшіге дейінгі жолдан өтті.
91 жастағы зеййнеткер мекеменің жеке құрамын Қазақстан полициясы күнімен құттықтап, көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді, оларға мықты денсаулық және мансаптық өсу тіледі.