Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тойханада қыз ұзату тойын ұйымдастырғандар жауапқа тартылуда

Түркістан облысында қыз ұзату тойы анықталып, тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитарлық-дәрігерінің қаулысы негізінде, карантин режиміне бірқатар шектеу шаралары енгізілген. Осы талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында Сарыағаш АПБ қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдарынан мобильдік топтар құрылып қарқынды жұмыс жүргізуде. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Сарыағаш ауданында 1479 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Олардың барлығына шара көру үшін жинақталған іс-құжаттары Сарыағаш аудандық Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданған. Мәселен, осы бағыттағы жұмыстарды жүргізу барысында полицейлер, Сарыағаш қаласы арқылы өтетін Шымкент-Жетісай тас жолының бойында орналасқан тойханада ұзату тойы болып жатқанын анықтады. Тойханада шамамен 100-ге жуық адам болған. Полицейлер бірден әрекет етіп, тойды тоқтатып, қонақтарды қайтарды. Осыған орай халықтың көптеп шоғырлануына жол беріп, карантин талаптарын орындамағаны үшін тойхана егесі мен той иесіне қатысты іс-құжаттар рәсімделіп, Сарыағаш аудандық СЭББ-на жолданған. 

Атап өтер жайт, мобильдік топ күнделікті тексеру жұмыстарын атқарып, осы күнге дейін 6692 алқаптар мен ғимараттарда карантин режимінің сақталуы бойынша тексерулер жүргізген. 1825 дана ескерту парақшалары тарқатылып, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген шектеу шаралары таныстырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру