Төлебилік пробация қызметкері жоғалған баланы тауып, анасына табыстады
Төлебилік пробация қызметкері жоғалған баланы тауып, анасына табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төлеби аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Даурен Смаилов, Леңгір қаласы, Төлеби тас жолының бойында шамамен үш жастағы адасып жүрген кішкентай баланы тауып, мекен-жайын анықтап, анасына қайтарды.
Аяғынан тозып, шыр-пыр болып, жоғалған баласын іздеп жүрген Мадина есімді ананың, бауыр еті баласын көргенде қорқынышы су сепкендей басылды.
Өз кезегінде, жасөспірімнің анасы Төлеби аудандық пробация қызметкерлеріне алғысын білдірді.
– Аяқ асты ойнап жүріп, жоқ болған баламды тауып әкеліп бергендеріне ризамын. Жұмыстарына табыс тілеймін. Әрқашан осылай халықтың қорғаны болып жүре беріңіздер, – дейді баласымен қауышқан ана, қуаныштан көзінен шыққан жасын жасыра алмай.