Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантиндік шектеулерді бұзған лото-клуб анықталды

Шымкентте карантиндік шектеулерді бұзған лото-клуб анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы бойынша кәсіптік нысандарда карантин режимінің сақталуын бақылауға алу мақсатында мобильді топ құрылып, тұрақты жұмыс атқарылуда. Карантиндік шектеулерді елемей, жұмысын жалғастырып жатқан кәсіпкерлік нысандар толастар емес.

Мәселен, 13 наурыз күні Еңбекші ауданы бойынша жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Тәуке хан даңғылы №144 үйде орналасқан лото-клуб ойынханасы карантиндік талаптарды сақтамай келушілерді қабылдап, бетперде, антисептик, дене қызуын өлшейтін құрылғыларды мүлдем пайдаланбайтындығы анықталды. Тәртіп сақшылары жұмысын алаңсыз жалғастырған нысан иесінен түсініктеме алды.

Аталған жайт бойынша Еңбекші ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру