Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Toyota Camry” көлігінің 25 жастағы жүргізушісі көз жұмды

Ақтөбе қаласында жол-көлік апатынан көлік жүргізушісі көз жұмып, бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 шілде сағат 11:30-да “Volvoмаркалы автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі Нокин даңғылының Жүргенев көшесі жағынан Әкімжанов көшесіне қарай жолда қарсы бетке шығып кетіп, “Toyota Camry автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан “Toyota Camryкөлігінің 25 жастағы жүргізушісі жедел медициналық жәрдем көлігінде көз жұмды. Сол көліктің 27 жастағы жолаушысы Жедел жәрдем ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру