Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түлкібас полицейлері дүкеннен ұялы телефон ұрлаған әйелді анықтады

Түлкібас полицейлері дүкеннен ұялы телефон ұрлаған әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданған. Онда жәбірленуші әйел өзінің жұмыс жасайтын дүкенінде   үстел үстінде тұрған Samsung А20 маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 80 000 теңгені құрады. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Хабар алысымен қырағы полицейлер тобы жедел әрекет ету арқылы ұрлық жайты болған орынға бағыт алды. Көрген-білгендерден сұрады. Нәтижесінде екі сағат ішінде күдіктіні жергілікті мекенжайынан қолға түсірді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа  байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде күдіктінің бас шарасы қолхатта.
Белгілі болғандай, күдікті зат алу мақсатында дүкенге кірген. Содан соң үстел үстінде тұрған ұялы телефонға көзі түсіп, оңай жолмен ақша табуды көздеген. Осылайша, жанында адамдардың жоқтығын пайдаланып, жәбірленушіні алдаусыратып сөзге тартып, білдіртпестен телефонды алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Күдікті әйелден жасырып қойған ұялы телефон айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру