Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түлкібастық полицейлер көпбалалы ананы мерекемен құттықтады

Түлкібастық полицейлер мереке қарсаңында көпбалалы отбасы мен балаларды қуантып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері қашанда қамқорлық пен қолдауға мұқтаж көпбалалы, аз қамтылған отбасыларын назардан тыс қалдырмайды. Оларға арнайы барып, қал-жағдайларын біліп, тұрмысқа қажетті азық-түліктерін жеткізіп отырады. Бұл бағыттағы жұмыс Жаңа жыл қарсаңында да жалғасын тапты. Мәселен, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны жұмыссыз, көпбалалы Бибижамал Алипбаеваның отбасына және жүйке ауруымен ауыратын азаматшаның ұл-қызына қамқорлық жасалып, көмек қолы созылып, күнделікті тұтынуға арналған азық-түліктер мен Жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Осылайша тәртіп сақшылары балаларға мерекелік көңіл–күй сыйлады.

Өз кезегінде бес баланың анасы Бибижамал, полиция қызметкерлерінің игі істеріне көңілі толқып, шынайы ризашылығын білдірді.

– Мен, Түлкібас ауданының тұрғынымын. Көпбалалы анамын. Осыны елеп-ескеріп, балаларды Жаңа жылымен құттықтап келген Түлкібас АПБ-нің тәртіп сақшыларына өз алғысымды жеткіземін. Қолдау білдіріп, көмектесіп жатқандарына үлкен рақмет! Жұмыстарында табысты болсын!, – деп шынайы ризашылығын жеткізді.

Түлкібас ауданының полицейлері мұндай қайырымдылық шараларын дәстүрге айналдырған. Яғни, тәртіп сақшылары кез келген қиын шақта тұрғындардың жағдайы жақсаруы үшін кішкене де болса өз үлестерін қосып, қайырымдылықтың, адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсетуде. Ең бастысы, еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін болсын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру