Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлер суицидтің алдын алды

Маңғыстаулық полицейлер мереке күндері суицидтің алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұқаралық іс-шараларды өткізуге шектеулер қойылғанына қарамастан, өңірдегі полицейлер мереке күндері құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылды.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін полиция жасақтарының жұмысы күшейтілді. Полицияның сыртқы нарядтарының патрульдеу бағыттары жаңажылдық шыршалар орнатылған жерлерге және азаматтардың демалуы мүмкін орындарға бағытталды. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін патрульдік полицияның қосымша жасақтары қамтамасыз етті.

Жаңажылдық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырылған тәртіп сақшыларының саны артты.

Қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін сақтауды ұйымдастыру мәселелері бойынша облыстық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жергілікті өзін-өзі басқару органдары әкімшіліктерінің лауазымды тұлғаларымен кездесулер өткізді.

Азаматтар мен ұйымдардың мереке күндері санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған шектеу шараларын сақтауын бақылау бойынша мереке күндері жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, қадағалаушы органдардың өкілдерінен және полиция қызметкерлерінен құрылған топтар жұмыс істеді.

Жаңа жыл күндері “102” кезекші пультіне азаматтардан мыңнан астам қоңырау келіп түсті.

Мәселен, 2020 жылғы 1 қаңтарда сағат 13:50-де Ақтау қаласы Полиция басқармасының “102” кезекші пультіне 7-шағын аудандағы көпқабатты үйлердің бірінің 7-ші қабатының балкон қоршауында әйел адамның отырғандығы жөнінде қоңырау түсті.

1980 жылғы азаматша балкон қоршауына отырып, егер біреу оған жақындаса, өзін-өзі өлтіремін деп айналасындағыларды қорқытқан.

Оқиға орнына келген учаскелік полиция қызметкері онымен әңгімелесіп, көндіруге тырысты және одан асығыс әрекеттер жасамауды, өз балалары туралы ойлануды өтінді. Полиция қызметкері әйелді сөзге тартып, көңілін аулап, оған жақындай бастады. Әйел екінші аяғын қоршаудан түсіре бастағанда, полиция қызметкері уақыт жоғалтпастан жылдам әрекет етіп, санаулы секунд ішінде оны ұстап алды.

Белгілі болғандай, ол алкогольдік масаң күйде болған. Полиция қызметкері азаматшамен профилактикалық әңгіме жүргізіп, оны тұрғылықты жеріне жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру