Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

636 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Қызылордалық полицейлер мереке күндері 636 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мереке күндері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Қылмыстың алдын алу, ізін суытпай ашу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Өңірде мереке күндері 34 қылмыстық құқық бұзушылық орын алып, оның 23-і кезекші тәулікте ізін суытпай ашылды, ал қалғандары бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Облыс бойынша барлығы 636 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, оның ішінде қоғамдық орындарда масаң күйде болған 50 тұлғаға, түнгі тыныштықты бұзған 10 тұлғаға, алкоголь өнімдерін сату тәртібін бұзған 3 тұлғаға қатысты әкімшілік істер қозғалды.

Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін бұзған 493 жүргізуші анықталды. Атап айтқанда 110 жүргізуші жылдамдықты асырғаны, 5 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны, 44 жүргізуші көлікті құжатсыз басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мереке күндері ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылық жасаған 41 жасөспірім жеткізілді.

Түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген 39 кәмелетке толмағанның заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылса (ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы), 2 жасөспірім ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынды.

Сонымен қатар кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін  екі ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы).

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру