Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түлкібастық полицейлер оқушыларға есірткінің зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Түлкібастық полицейлер оқушыларға есірткінің зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас ауданының аумағында Мемлекет басшысының Заңсыз есірткі айналымына қарсы іс-қимыл тиімділігін арттыру, нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы күрес саласындағы өзекті мәселелер бойынша, өңірлік штабтарды үйлестіруді қамтамасыз ету тапсырмасын орындау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осыған байланысты 61 білім ошағында 8-11 сыныптың мектеп және колледж оқушылары арасында, ЖПҚ ЮПТ мектептегі инспекторларымен, нарколог-дәрігерлердің және психолог-мамандардың қатысуымен есірткі психотроптық заттарының зияны жайлы дәрістер оқылды. Атап айтқанда М.В.Ломоносов МГ 8-11 сынып оқушылары арасында ЮПТ аға инспекторы полиция майоры А.Наурызкулова мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Буртаевтың және мектеп психологі М.Латиповалар есірткіні заңсыз жарнамалау немесе насихаттау арқылы оны тұтынуға итермелеу бойынша, жауапкершілікке тарту үшін заңға өзгерістер енгізілгені туралы жасөспірімдерге кеңінен түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар осындай деректер бойынша төрт жылға, егер де осындай деректер электронды-ақпараттық құралдары арқылы жасалған болса үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделгені де ашық айтылды. Интернет арқылы жасалатын есірткі қылмыстарының алдын алу үшін, есірткіні, жаңа психобелсенді психотроптық және синтетикалық заттарды заңсыз жарнамалау, насихаттау, сату, тасымалдау, сақтау бойынша қатаң құқықтық жауапкершіліктерге тартылатындығы туралы да ескертпе жұмыстарын өтті.

Полицейлер білім, денсаулық сақтау саласының өкілдерімен бірлесе отырып, әртүрлі акцияларға қатысу, ашық сабақтар жүргізу арқылы, есірткі заттарын қолданудың зиянды салдары туралы және жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын шараларды қабылдайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру