Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғын үйдегі атыс: ер адам терезеден секіріп кетті

Алматыда тұрғын үй массивінің күзетшісіне оқ атқан адамды ұстау бойынша арнайы операция аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін түстен кейін бұзақылық ниетпен келіспеушілік кезінде “Бұхар Жырау Тауерс” ТК күзетшісін мылтықпен жарақаттаған күдіктіні ұстау бойынша арнайы операция аяқталды.

Күдікті оқиғадан соң сол тұрғын үй кешенінде орналасқан пәтерге тығылды. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін полиция қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялап, оқиға орнын қоршады.

Бұрын хабарланғандай, күдіктімен бірнеше сағат бойы келіссөздер жүргізілді.

Келіссөздер процесін полиция департаментінің, прокуратураның қызметкерлері мен оның таныстары жүргізді. Алайда ол келісімнен бас тартып, есік жаққа оқ атуды жалғастырды.
Баспалдақ алаңына қарай 30-ға жуық оқ атты.

Осыдан кейін полиция департаментінің арнайы жасағының күшімен күдіктіні ұстау туралы шешім қабылданды.

Жауапкершіліктен қорқып, күдікті өз-өзіне қол жұмсады, қолындағы мылтығымен бірге пәтердің терезесінен секіріп кетті.

Операция барысында арнайы күштердің қызметкерлері атыс қаруын қолданған жоқ, өлімге әкелмейтін құралдар, яғни шу мен газ гранаталары қолданылды.

Тұрғын үй кешенінің тұрғындары арасында зардап шеккендер жоқ.

Тергеу барысында күдікті РФ азаматына оқ-дәрілері бар қарудың тиесілігі анықталады.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру