Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғын үйден өрт шықты

Өрт сөндірушілер Түрксіб ауданында болған өртті сөндіріп, жарылыстың алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 маусымда 17 сағат 16 минутта “101″ пультіне Түрксіб ауданы Сүйінбай даңғылы 152а мекен-жайында жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы үй иесінен хабарлама келіп түсті.

№ 4 (Сүйінбай 247)  мамандандырылған өрт сөндіру есептері төрт минутта келген кезде екі үйдің шатыры ашық жалынмен жанып, өрттің дәмхананың шатырына таралғанын анықтады. Күштер мен құралдар жоғары деңгейлі шақыртумен жіберілді. Тез жайылған өрт шатырдың ағаш жабындыларына тарап, көрші ғимараттарға өту қаупі туындады. Өртті сөндіру бір-біріне жапсарлас орналасқан ғимараттардың “кварталында” өртке қарсы алшақтығының болмауынан қиынға соқты.

Өртенген ғимаратта газ тарату пункті орналасқандықтан, жарылыс орын алуы мүмкін болды. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Авариялық құтқару қызметімен аталған нысан электр желісі мен газ жүйесінен ажыратылды. Үздіксіз сумен қамтамасыз етілді, өрт гидранттарына автоцистерна орнатылып, алты өрт оқпандары жіберілді. Түрксіб ауданының ПБ қызметкерлерімен оқиға орны қоршауға алынып, тәртіп орнатылды.

Қабылданған шаралардың арқасында көкжалын өрт сөндірушілер келген 29 минуттың  ішінде сөндірілді, 250 шаршы метр аумақты қамтыған өрт  18 сағат 06 минутта толықтай жойылды. Өрт алаңынан 150 литрлік үш газ баллоны шығарылып,  солтүстік жағындағы көрші үйлерге таралуына жол берілмеді.  Өртті сөндіруге жеке құрамнан 26 адам және сегіз бірлік техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру