Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны үйінде оқ-дәрі сақтаған

Шымкенттік полицейлер жергілікті тұрғынның үйінен 1200-ден астам оқ-дәрі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 мамырда Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынның «Опель Вектра» маркалы автокөлігінде және үйінде сақтаған әр түрлі калибрлі 1200-ден астам оқ-дәрілерін анықтап, тәркіледі.

Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігімен (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Осы баптың санкциясы бойынша күдікті тұлғаға 2000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, сондай-ақ 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Күдікті полицияға жеткізіліп, қазіргі таңда орын алған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру