Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғындардан алғыс хат келіп түсті

Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғындары Полиция департаментінің бастығына алғыс хат жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 желтоқсанда Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы С.Кудебаевтың атына Ескелді ауданы Қарабұлақ кентінің тұрғындарынан алғыс хат келіп түсті, онда олар аудан полицейлері А.Есімбековке, Н.Сейсембековке, К.Сабалаковқа, А.Турашев пен А.Мұқашевқа ұрлықты ашуда көрсеткен көмегі мен кәсіби шеберлігі,  сондай-ақ полицияға жүгінген кезде моральдық қолдау көрсеткені үшін алғыс жариялауын сұраған.

Алғыс хат Ескелді ауданының ПБ тәртіп сақшыларының күнделікті, күрделі және жауапты еңбектері үшін лайықты марапат. Өз кезегінде Полиция департаментінің бастығы тұрғындардың пікірін назардан тыс қалдырмай, ерекшеленген қызметкерлерді көтермелеуге ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру