Тұрғынға тиесілі ұялы телефонды күш қолданып, ашық түрде тартып алған
Шымкенттік тұрғын полицейлерге жедел әрекет етіп, қылмысты ашқаны үшін алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 тамыз күні полицияға Шымкент қаласының тұрғыны өзіне тиесілі ұялы телефонын күш қолданып, ашық түрде тартып алғандығы туралы арызданған. Әл-Фараби АПБ қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында 1967 жылғы ер адамды анықтап, жеткізді.
Азаматтың арызы ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Тергеп-тексеру барысында қорғануға құқығы бар куә ретінде азамат өз жауабында масаң күйде болғанын, осы заңсыз іс-әрекеті үшін өкінетінін және телефонды жәбірленушіге қайтарып, оған келтірілген материалдық және моральдық шығынды өтеп беруге дайын екенін көрсеткен.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, өз кезегінде жәбірленушінің әйелі полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етіп, қылмысты ашқаны үшін алғыс білдірді.