Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент қаласы Полиция департаменті кіші және орта басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға конкурсқа шақырады

Шымкент қаласы Полиция департаменті кіші және орта басшы құрамның бос лауазымдарына
орналасуға конкурсқа шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:
– жұмыс берушінің есебінен алғашқы оқыту және біліктілікті арттыру;
– қызмет өтіліне және арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақының артуымен тұрақты және уақтылы жалақы;
– сауықтыруға арналған жәрдемақы, мансаптық өсу;
– ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;
– арнаулы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз қызмет өткеру кезінде).

Талаптар: жасы 35-тен аспаған, бойы кемінде 170 см., білімі орта (қатардағы құрамның лауазымына) және жоғары (қызмет бағытына байланысты басшы құрамның лауазымына), Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өту туралы сертификаттың бар болуы, денсауық жағдайы бойынша жарамдылығы (әскери-дәрігерлік комиссиясы анықтайды).

1.Шымкент қаласы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының (батальон құқығында) инспекторы – ( 10-бірлік) лауазымына;
2.Шымкент қаласы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының (батальон құқығында) полицей-жүргізуші – (5-бірлік) лауазымдарына конкурс жариялады;

Шымкент қаласы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының (батальон құқығында) инспекторы біліміне қойылатын талаптар: жоғары білім немесе орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі.
Қосымша талаптар:Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарында қызмет өткеру немесе Қазақстан Республикасының оқу орындары жанындағы Әскери кафедрасының курстарын аяқтауы. Жекпе-жек күрес түрлері бойынша спорттық атақтарының, разрядтарының біліктіліктерінің немесе практикалық ату бойынша куәліктерінің болуы (қосалқы қызмет қызметкерлерін қоспағанда).

Білімі бойынша: Құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша.
2.Шымкент қаласы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының (батальон құқығында) полицей-жүргізуші лауазымына арналған біліміне қойылатын талаптар: орта білім.
Қосымша талаптар: Полицей-жүргізушілер үшін В, В1, С, С1 санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы қызметі.
Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн Ішкі істер органың кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімде тапсырады.

Толық ақпаратты алу үшін:(8-7252) 97-65-05, 97-66-96, 97-67-01 телефондарына, e-mail: asyl_pd08@mail.ru электрондық мекенжайы, Шымкент қаласы Полиция департаменті, Желтоқсан көш. 13, бойынша жүгінуге болады .

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру