Тұрғынның атынан жасырын 6 рет несие алған адам – күйеу баласы екендігі анықталды
Ақтөбе облысында тұрғынның атынан жасырын алты рет несие алған күйеу бала анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының Интернет арқылы онлайн микро қарыздарын рәсімдеу жағдайларының жиілеп кеткені туралы жұртшылықты хабардар етеді.
Осыған байланысты қала тұрғындарын аса мұқият болуға және жеке басын куәландыратын құжаттардың фотосуреттерін, сондай-ақ төлем карталарын бейтаныс адамдарға жібермеуге шақырады.Биылғы жылдың тамыз айында полицияға Ақтөбе қаласының 47 жастағы тұрғыны жүгінді. Оның айтуынша, белгісіз адам интернет арқылы әртүрлі микро-несие ұйымдарында алты қарыз рәсімдегенін хабарлады.
Тергеу барысында жәбірленушінің 24 жастағы күйеу баласы анықталып, ұсталды. Ол туысының жеке куәлігін иемденіп, микрокредиттер рәсімдеген, содан кейін төлем картасын ұрлап, шоттан ақша алған.
Қазіргі уақытта аталған факті негізінде ҚР ҚК 190-баптың 3-бөлігі бойынша жеті қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.