Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Туристік полиция қызметкері зиярат етушінің жоғалған сөмкесін тауып берді

Түркістан облысында туристік полиция қызметкері зиярат етушінің жоғалған сөмкесін тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Арыстанбаб” кесенесінде қызмет атқаратын туристік полицейлер халықтан тек алғыс алып, абыройлы қызмет атқарып келеді. Бұл аймаққа келушілер арасында денсаулығы сыр бергеннен басқа, бағалы заттарын жоғалтып алатын кездер де кездеседі. Осындай келеңсіз жағдайларда зиярат етіп келушілерге бірінші кезекте туристік полицейлер көмекке келеді.

Мысалы, Сымбат Шоқанқызы Арыстанбабқа Алматы қаласынан арнайы келген. Содан Түркістан қаласына келе жатып, қолындағы қол сөмкесін таппай, Арыстанбабтың бір жерінде қалдырғанын біліп, артқа қайтады. Бұл аралықта полицей Рақымжан Ниязбекұлы қараусыз қалған сөмкені алып қойып, егесін іздестіріп жүрген еді. Осылайша жарты жолдан қайтып келген зиярат етушіге тиесілі сөмкесін полицей қайтарып береді. Белгілі болғандай, қыз ішінде 150 мың теңгеге жуық ақшасы бар сөмкесін ұмытып, тастап кеткен.

Өз кезегінде полиция қызметкерінің қырағылығына, өз қызметіне жауапкершілікпен қарайтынына риза болған алматылық тұрғын алғысын жаудырды.

– Мұның ішінде еңбек демалысыма шыққан қомақты қаражат болған еді. Полицейге рақмет, басқа біреу қолды қылмай тұрып, тауып алып сенімді жерге қойып қойғанына. Жұмысына табыс тілеймін!, – деп шынайы ризашылығын жеткізді.

Негізінде туристік полицейдің басты міндеті – өңірге келген саяхатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру