Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 100-ге жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Түркістан облысында 100-ге жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес ауданында Қазақстан Республикасынан кету Ережелерінің сақталуын қадағалау, Түркістан облысы аумағында шетелдіктерді тиісті құқықтық тәртіппен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетел азаматтарын және заңсыз көші-қон ұйымдастырушыларды анықтау мақсатында “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған шара барысында Келес ауданының аумағында заңсыз жүрген 100-ге жуық азамат әкімшілік-жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтҚ-нің 517- бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтық көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша 59 шетелдікке, 518-бабымен (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) – 12 Қазақстан Республикасының азаматына, 519-бабы (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша – үш ҚР азаматына және 492-бабымен (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) 25 ҚР азаматына әкімшілік хаттама толтырылды. Өз кезегінде, Түркістан облысының полиция қызметкерлері аталған іс-шарада тек құқықбұзушылықты анықтап қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру