Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 2,5 мыңнан астам тұрғын әкімшілік құқық бұзушылық жасаған

Түркістан облысында 2,5 мыңнан астам тұрғын әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі мен 1 желтоқсан күндері аралығында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мақсаты – қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде экстремизм және терроризм фактілері көріністерін анықтау және жолын кесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Аталған іс-шараға Мақтаарал ауданының ПБ Жергілікті полиция қызметінің жеке құрам қызметкерлері толығымен жұмылдырылған.

Мәселен, қыркүйек айының 1-і мен қазан айының 10-ы күндері аралығында Мақтаарал ауданында жалпы 8 мыңнан аса жеке тұрғын үй және көпқабатты үйлерден 278 пәтер тексерілді. Сонымен қатар жалға берілетін 31 пәтер анықталды. Сондай-ақ аудандағы елді мекеннен тыс жерде орналасқан мал шаруа қожалықтарының 5 қыстауы тексеріліп, онда 12 тұлға тұратындығы белгілі болды.

Мақтаарал ауданы ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларымен Мырзакент, Атакент және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінде орналасқан базарлар күнделікті тексеріліп, заңсыз шетел азаматтарының келуімен құжаттары жоқ азаматтарды анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Профилактикалық есепте тұратын 358 азамат және аудандағы 282 қару иелері тексерілді.

Мақтаарал АПБ қызметкерлерімен осы аралықта жалпы 2500-нан астам тұрғынның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды. Атап айтқанда, ӘҚБтК 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) – 22, 204-бабы (Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзу) бойынша – 48, 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық) – 61, 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша – 33, 492-бабымен (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) – 53 азаматқа хаттама толтырылса, басқада салалар бойынша 2357 әкімшілік хаттамалар түзіліп шара көрілген.

“Учаске” іс-шарасының негізгі бағыттарының бірі – радикальды діни ағымға қатысы бар деген күдікті азаматтарды, олардың жиналу орны мен тұратын жерін анықтау іс-шаралары. Осындай деструктивті діни ағым ұстанушысы ретінде есепте тұратын 28 тұрғын 84 рет тексерілді. Полиция бөліміне жалпы 956 азамат жеткізіліп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру