Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 4 жүк көлігінің қатысуымен ЖКО болды

Түркістан облысында жүк көлігінің жүргізушісі жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бірнеше жүк көліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы туралы бейнежазба анықталды. Тексеру барысында полицейлер оқиғаның Сауран ауданы тас жолы бойында орын алғанын айқындады. Нақтырақ айтсақ, Сауран аудандық полиция бөліміне Шымкент-Самара тас жолының 195-шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына тез арада полицейлер шыққан.

Анықталғандай, 28 қараша сағат 13:00 кезінде жылжымалы жол-көлік бақылау инспекциясы қызметкерлері DAF FAR Xf105 жүк көлігін тоқтатқан. Ал жүргізуші ортаңғы орта жолдан оңға бұрылып тоқтайды. Осы сәтте оның соңынан келе жатқан үш жүк көлігі де тоқтап үлгереді. Алайда төртінші болып артында келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асыруы салдарынан тоқтай алмай қалады. Нәтижесінде жүк көлігінің соққысы салдарынан алдындағы жүк көліктері бір-бірімен соқтығысқан. Материалдық шығын келтірілген.

Аталған жайтқа қатысты жол апатын жасаған DAF XF95 480 жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша хаттама толтырылды. Іс құжаттар Түркістан қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолдануда. Сондай-ақ ТО ПД бастығы Қ.Дәлбековтің атынан жүк көлігін тоқтатқан қызметкерлердің іс-әрекетіне қызметтік тексеру жүргізу үшін Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясына ұйғарым жіберілді.

Түркістан облысының полицейлері, жол қозғалысына қатысушыларға жолда абай болуға және жол қауіпсіздігі ережесін бұзбауға, жылдамдықты асырмауға, қашықтықты сақтауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру