Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында әйел несиесін жабу үшін әріптесінің алтындарын ұрлап кетті

Түркістан облысында әйел несиесін жабу үшін әріптесінің алтындарын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның үйіне терезеден кіріп, алтын жүзігі мен алтын білезігін жымқырып кеткен. Келтірілген шығын 500 мың теңгені құраған.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Қылмысты дер кезінде ашу мақсатында Бәйдібек АПБ-ның қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру шараларын тиянақты жүргізді. Куәлардан жауаптар алынып, үйдің айналасы жіті қаралды.

Нәтижесінде, түркістандық тәртіп сақшылар күдіктінің ізіне түсті. Бір күн ішінде оның түр-тұлғасын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Белгілі болғандай, күдікті келіншек жергілікті тұрғын болып шықты. Ол оңай жолмен ақша табу мақсатында қараусыз тұрған үйге кіріп, алтын бұйымдарды жымқырған. Сонымен қатар, ол үйдің иесі күдіктінің жұмыстағы әріптесі болып шықты. Ол ұрлаған алтындарды ломбартардың біріне өткізіп, алған ақшаға төленбеген несиесін жапқаны белгілі болды.

Бүгінде полицейлер күдіктіден айғақты зат ретінде алтын бұйымдар тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру