Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұз тәртіп сақшылары мектеп оқушыларымен кездесті

Екібастұз тәртіп сақшылары мектеп оқушыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының №11 ЖОББМ патрульдік полиция ротасының қызметкерлері бастауыш сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.

Рота командирі Азамат Күркебаевтың айтуынша, балалармен мұндай кездесулер олардың жан-жақты дамуына және полицейлердің жұмысымен танысуына ықпал етеді. Балаларға жол-патрульдік полиция ротасының қызметтік автокөлігі, қызметкерлердің киім-кешегі көрсетілді, рацияның қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Шақырулар қалай қабылданады және оқиға орнына шығу қалай жүзеге асырылатынын көрсетті.

Сонымен қатар, балаларға ЖҚЕ, қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыстың, таныс емес адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде мінез-құлықтың негізгі ережелері түсіндірілді.

Естеріңізге сала кетейік, 11 сәуірден 15 сәуірге дейін “Мен және менің полицейім” республикалық акциясы өткізіледі. Онда полиция қызметкерлері өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, балаларды полиция жұмысымен таныстыру, қоғамдық орындар мен қала жолдарында тәртіп ережелерін үйрету бойынша іс-шаралар өткізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру