Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында безбүйрек ана қамауға алынды

Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған безбүйрек ана қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша ҚАЖД Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде 233 сотталған есепте тұрады. Оның ішінде сегіз сотталған жазасы кейінге қалдырылғандар.

Солардың бірі 2018 жылы бөтеннің мүлкін жымқырды деген айыппен Күмісай Жетісай аудандық сотының қаулысымен бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда сот отырысында аудандық сот қылмыскердің кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес жазасын орындауды бес жыл мерзімге кейінге қалдырған болатын. Жазаны өтеу кейінге қалдырылған кезде, осы жазаның орындалуын ұйымдастыруды сотталған адамның тұрғылықты жеріндегі пробация қызметі жүзеге асырады. Ал егер осы пробация қызметінің жүктеген міндетін орындамаған жағдайда, бас бостандығынан айрылады.

Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұратын Күмісай жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан,  әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген уақытта үйінде болмай, профилактикалық іс-шаралаға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін және алдағы уақытта жаңадан қылмыс жасауының алдын алумен, оның түзелу жолына түсуіне ықпал жасау мақсатында пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып, Күмісай есімді әйелдің жазасын өтеуін кейінге қалдырудың күшін жойып, бас бостандығынан айыру жазасына бес жылға ауыстырылып, жазаны ҚАЖ қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленді.

– Бұл әйел Жетісай аудандық пробация қызметінің есебіне алынған алғашқы күні-ақ өзінің құқықтары мен міндеттері жайында және баладан бас тартса немесе баланы тәрбиелеуден жалтарған жағдайда, сотқа жазаны өтеуді кейiнге қалдырудың күшін жою бойынша және сот үкiмiне сәйкес тағайындалған жерге жазасын өтеуге жiберу бойынша ұсыныс жолданылатыны ескертілген болатын. Жазасының орындалуын бақылау кезінде сотталған әйелге және оның балаларына пробация қызметі тарапынан бірнеше рет әлеуметтік көмектер көрсетілумен қатар, азық-түлік себеттері берілді. Алайда әйел жаза өтеу барысында өзіне сотпен берілген мүмкіндікті тиісті деңгейде орындамай, асырауындағы балаларын қамқорлықпен тәрбиелеудің орнына, спирттік ішімдікке салынып, балаларын қараусыз қалдырып, жазасын өтеуден қасақана жалтарды. Сонымен қатар көп балалы ана ретінде мемлекет тарапынан тағайындалған ай сайын берілетін жәрдемақысын бас пайдасына жаратып, ішімдікке жұмсап отырған, – дейді Түркістан облысы ҚАЖ департаментіне қарасты Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Дилшат Назаров.

Сот жүктеген міндеттерді орындамай, жазадан қасақана жалтарғаны үшін Жетісай аудандық сотының қаулысымен іздеу жарияланды. Нәтижесінде бас бостандығынан айрылып, қамауға алынып, пробация қызметімен аудандық сотқа жазаны өтеуді кейiнге қалдырудың күшін жою бойынша ұсыныс жолданылды. Сотталған әйел жас балаларына қамқорлық жасамай, бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған, оның ішінде екі рет спирттік ішімдік ішіп, қоғамдық орында жүргені үшін шара қолданған болатын.

Сотталған осындай іс-әрекеттерінен кейін Жетісай ауданы әкімінің 2020 жылғы 28 шілдедегі қаулысымен кәмелетке толмаған бес баласы әкесіне берілген, ал ең кішкентай екі жастағы ұлы Шымкент қаласының «Мамандандырылған бөбектер үйіне» орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру