Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы бір сағатта тауып, ата-анасына тапсырды

Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы бір сағатта тауып, ата-анасына тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданының Полиция басқармасына “102” арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында баласының үй маңында ойнап жүріп, жоғалып кеткендігін көрсеткен.

Қаратау аудандық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі №59 УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында жоғалған баланы бір сағат ішінде тауып берді.

Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға балаларына бас-көз болуға шақырады. Егер сіз де осындай жағдайға тап болсаңыз, тез арада “102” нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру