Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында бұрын сотты болған азамат жылқы ұрлаған

Түркістан облысында бұрын сотты болған азамат көршісінің қорада тұрған жылқысын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын түнгі уақытта қорасында тұрған құны 700 мың теңге болатын жылқысын белгісіз біреудің ұрлап кеткенін хабарлаған.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеуге алынды.

Болған мал ұрлығын ашу мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Олар жақын маңдағы барлық жайылымдар мен көрші ауылды аралап, іздестіру іс-шараларын жүзеге асырды. Жедел-іздестіру нәтижесінде тәртіп сақшылары орта жастағы күдікті ер адамды анықтап, полицияға жеткізді. Ол бұрын сотты болған жәбірленушінің көрші ауылдасы болып шықты.

Анықталғандай, күдікті түнгі уақытта ешкім жоқтығын пайдаланып, жәбірленушінің қорасындағы жылқыны жымқырған. Содан кейін ол ұрланған малды сатпақшы болған. Десе де, полицейлердің қырағылығының арқасында ұрланған жылқы тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру