Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны мас күйде мотоцикл басқарғаны үшін жауапқа тартылды

Павлодар облысының тұрғыны мас күйде мотоцикл басқарғаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс ауданындағы ауылдардың бірін патрульдеу кезінде 43 жастағы мотоцикл жүргізушісі тоқтатылған. SUUZI HB 200 екі дөңгелекті көлікті тізгіндеген азамат полиция қызметкерлеріне күдік тудырған. Медициналық сараптамалар нәтижесі бойынша жүргізуші “ауыр дәрежедегі” мас күйде болған. Сондай-ақ жүргізушінің көлік құралын жүргізуші  басқаруға құқығы жоқ екендігі анықталды.

– Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды, материал сотта қаралды. Сот шешімімен құқық бұзушы 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданының полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков.

Павлодар өңірінде құқық қорғау органдары мас күйінде көлік жүргізудің 833 фактісін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру