Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының белсенділері полицейлермен бірге ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Павлодар облысының белсенділері полицейлермен бірге ынтымақтастық мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Блогерлер, қоғам қайраткерлері мен полиция қызметкерлері ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесу “Полицияның қазақстандық сервистік моделі” пилоттық жобасы аясында мемлекеттік емес ұйымдармен әріптестік қарым-қатынасты нығайту үшін ұйымдастырылды.

Кездесу полицияның сервистік учаскелік пунктінде өтті, онда құқық қорғау органдары полиция жұмысына қандай өзгерістер енгізілгенін нақты көрсетіп, пилоттық жобаның ерекшеліктерін, негізгі элементтерін айтып берді.

Бүгінде әлеуметтік желілердегі ақпараттық өріске маңызды рөл беріледі. Блогерлер, қоғам белсенділері, әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушылары, қоғамдық пікірдің қалыптасуына үлкен әсер етеді.

Жиынға қатысушы спортшылар, мәдениет өкілдері, блогерлер өз кезегінде ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіріп, халықты толғандыратын проблемалық мәселелерді айтып, өз ұсыныстарын енгізді.

– Кездесу барысында тараптар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, заңнамадағы өзгерістер туралы халықты хабардар етуге бағытталған түрлі іс – шаралар, акциялар өткізуді жоспарлады, – деп түсіндірді полиция қызметкерлері.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бірлескен жоспарлар мен идеяларды жүзеге асыруда нақты мақсаттар бар. Мәселен, полиция қызметкерлерімен бірге профилактикалық рейдтерге қатысатын, қаланың аулалары мен көшелерін патрульдейтін, бұзушылықтар туралы хабарлайтын қоғам қайраткерлері, блогерлер қатарынан сервистік қоғамдық патруль құру. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру