Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында есептегі екі сотталған әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Түркістан облысында есептегі екі сотталған әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15-25 мамыр аралығында “Есептегі тұлға” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты Түркістан қалалық пробация қызметі, және полиция бөлімі инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі.

– Бас бостандығынан айыру жазасына байланысты емес жазаға сотталғандардың негізгі міндетін сот белгілейді. Атап айтқанда, оларға жұмыстан немесе оқудан бос кезде міндетті түрде тұрғылықты жерде болу, алкагольдік ішімдік ішетін, құмар ойын-сауық орындарына бармау, пробация қызметіне белгілеген күндері келіп тіркелу міндетті саналады. Осы тәртіпті бұзған жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылады. Ал шартты жаза болған жағдайда шартты мерзімді ұзарту немесе шартты жазаның күшін жойып бас бостандығынан айыру жазасына алмастыруға сотқа ұсыныс жолданады, – деді Түркістан қалалық ПҚБ аға инспекторы Жанболат Абдрахманов.

Пробация қызметкерлері бір күнде 25 сотталғанның үйі мен жұмыс орнына барып тексерген. Тексеру барысында екі сотталғанға ескерту беріліп, әкімшілік жазаға тартылған. Сотталғанның бірі тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуде болмаған, екінші сотталған тексеру барысында пробация қызметінің инспекторына ескертпестен белгісіз бағытқа шығып кеткен. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру