Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында гараждан көлік ұрлаған жігіт қолға түсті

Түркістан облысында гараждан көлік ұрлаған жігіт қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түлкібас АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі шағым түсірді. Әйелдің айтуынша, олардың гаражында тұрған ВАЗ-2107 автокөлігі белгісіз жағдайда жоқ болған. Ақпарат алысымен оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Полицейлердің анықтауынша, көпқабатты үйдің ауласында орналасқан гараждан жәбірленушінің туысына тиесілі ВАЗ көлігін белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Шығын көлемі шамамен – 500 мың теңге.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер тәулік ішінде күдіктінің жеке басын анықтады. Полиция бөліміне жеткізілген күдікті Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, жас жігіт ашық тұрған гараждан көлікті ұрлап әкетіп, кейін айдалаға, егістікке тастап кеткен. Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті заңды иесіне қайтарды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру