Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында іш киіміне есірткі жасырған шетелдік ұсталды

Түркістан облысында іш киіміне есірткі жасырған шетелдік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Жібек жолы шекара бекетінде есірткі контрабандасы бойынша күдікті туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай, Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан орта жастағы ер азаматқа Капелла атты қызметтік ит белгі берген. Содан шекарашылар бірден жедел тергеу тобын шақырады. Сарыағаштық тәжірибелі полицейлерден құралған жедел уәкілдер ер адамның Ресей Федерациясының азаматы екенін анықтады. 

Оқиға орнына келген полицейлер күдіктіні тінту кезінде іш киімінің ішінен есірткі тектес затты тәркілеп алды. Алынған зат сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың гашиш екені расталды. 

Аталған дерек ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда шетел азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бүгінде күдікті қамауда отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру