Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында карантин талаптарын бұзған тұрғындар анықталды

Түркістан облысының полицейлері 150-ге жуық карантин талаптарын бұзушылық пен дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатудың 30-дан астам фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық-дәрігердің қаулысына сәйкес, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты, полиция қызметкерлері және басқа да мүдделі орган өкілдерінен тұратын мобильді топтар күн сайын карантиндік шараларды бақылау және сақтау, азаматтар мен түрлі ұйымдардың карантинді бұзуын анықтау, сондай-ақ дәрілік заттарды жоғары бағамен заңсыз сату және басқа да құқықбұзушылық жайттарының жолын кесу бойынша рейдтік және алдын алу іс-шараларын жүргізуде.

Облыс аумағында мобильдік топтар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы “Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы” бойынша 148 карантин талаптарын бұзуды анықтады, оның ішінде төрт жайт үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастыру. Сондай-ақ, рейдтік іс-шаралар барысында Түркістан облысы ПД-нің полицейлері дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сатудың 33 фактісін тіркеді.

Мысалы, Жетісай ауданында аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ патрульдік полиция қызметкерлері қызметтерін атқару барысында сағат түскі 13.00-де Алматы қаласына бара жатқан 12 жолаушысы бар автобусты тоқтатты. Полиция қызметкерлері жолаушыларды тексеріп, олармен карантинді бұзуға жол бермеу керектігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жүргізуші мен жолаушылар автобусы Жетісай АПБ-на жеткізілді. Тәртіп сақшылары автокөлікті айыптұрағына қойды.

Тәртіп бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы “Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу” бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жинақталған ақпараттар шешім қабылдау үшін тиісті органға жіберілді.

Оған қоса тәртіп сақшылары Қазығұрт ауданында дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату фактісін анықтады. Полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан дәріханалардың бірінде оған дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Полицейлер анықтағандай, дәріхананың сатушысы тұтынушыға “Анаферон” дәрісін және “ацетилсалицил қышқылының” қаптамасын жалпы сомасы 1600 теңгеге сатқан (белгіленген бағасы 1350 теңге).

Аталған жайт Қазығұрт аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Дәріхананың сатушысы дәрілік заттарды сатып алушыға жоғары бағамен сатқанын мойындады. Жинақталған іс-құжаттары тиісті шешім қабылдау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Түркістан облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілді.

Сол күні Сарыағаш аудандық ПБ-нің полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданы елді-мекендерінің бірінде  бес “Котенокс” бумасын 10 000 теңгеге сату кезінде әйелді ұстады. Тәртіп сақшылары дәрі-дәрмектерді тәркілеп алды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға карантиндік шараларды қатаң ұстануға, аса қажеттіліксіз көшеге шықпауға, үнемі бетперде киюге, антисептикті пайдалануға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру