Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында көлік басқарған жүргізуші қамауға алынды

Түркістан облысында мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері түнгі рейд барысында жылдамдықты асырып, жол ережесін бұзған Audi автокөлігін тоқтатты. Полицейлер тексеру кезінде жүргізушінің мас халде көлік жүргізгеніне күмәнданып, медициналық сараптама тағайындады. Зерттеу қорытындысы жүргізушінің мас екенін растады. 

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша тіркеді. Осылайша полиция қызметкерлері аталған жайтқа байланысты іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау мақсатында Бәйдібек аудандық сотына жолдады.

Сот жүргізушіні кінәлі деп танып, 7 жылға автокөлік басқару құқығынан айырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру