Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мал ұрлаған ер адам сотталды

Түркістан облысында мал ұрлаған ер адам сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оңай жолмен пайда табу мақсатында ұрлық-қарлық жасайтындар да баршылық. Ал біздің облысымызда жергілікті тұрғындар көбінше мал шаруашылығымен айналысатын болғандықтан, мал ұрлығы өршіп тұр. Ұрылар жайылымда қараусыз жүрген, қоршауы әлсіз қора-жайда тұрған төрт түлікті үптеп кетуде. Осындай қылмыспен Сарыағаш ауданында мал ұрлаумен айналысқан ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Нақтырақ айтсақ Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, жайылымда жүрген үш бас жылқысын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін жеткізді. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 1,2 миллион теңгені құрады. Бұл жайтты полицейлер тез арада тіркеуге алды.

Жедел-тергеу тобы ақпарат алысымен оқиға орнына аттанып, жедел шараларды жүргізді. Орын алған мал ұрлығы қылмыстарын ашу, күдіктілерді ұстау мақсатында тәртіп сақшылары қарқынды қызмет атқарды. Мал таситын көліктерді, мал базарларды мұқият тексеріп шықты. Полиция қызметкерлері бастаған жедел уәкілдердің жан-жақты іздестіруі нәтижесінде, мал ұрлығына қатысы бар күдіктілердің жеке басы анықталды. Күдікті ретінде жергілікті тұрғын 37 жастағы ер адам ұсталды. Аталған жайт ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркелді
Белгілі болғандай күдікті адамдар тобының сөзбайласуымен ұрлық жасаған. Яғни күдікті ұрлық жасайтын жерді тауып, арнайы көлік жалдап, ұрланған малдарды тиеп отырған.

Полицейлер істі толығымен аяқтап, айыптау актісімен сотқа жолдады. Нәтижесінде сот шешімімен күдікті ер азамат бір жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығын шектеді.
Полицейлер облыс тұрғындарына ескертеді: қора-қопсыны мықтап қоршап, бекітіп, малды жайылымға жіберер кезде сенімді адамға немесе бақташыға тапсырыңыз! Оларды дер кезінде таңбалап, сырғалаңыз! Ұрының сіздің салғырттығыңызды пайдаланып, малыңызды иемденіп кетуіне мүмкіндік бермеңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру