Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысында браконьерден 100 келіге жуық балық тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысында браконьерден 100 келіге жуық балық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер заңсыз 100 келіге жуық балық аулаған браконьерді ұстады.

Ағымдағы жылдың 27 қазанында Зайсан АПБ қызметкерлері “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Зайсан көлінің солтүстік-батыс бөлігіндегі тыйым салынған аумақта балықты заңсыз аулаумен айналысқан 49 жастағы Үшкөмей ауылының тұрғынын анықтады.

Браконьерден “Обь” моторлы қайығы, 100 метрлік екі тор, жалпы салмағы 91 кг үш қап заңсыз ауланған көксерке тәркіленді.

Күдіктіні заттай дәлелдемелермен аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Ер адамға қатысты шақыру бойынша келу бұлтартпау шарасы қабылданды.

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі бойынша (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру