Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз қала” ЖАШ: Қарағанды облысында 709 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Қарағанды облысында “Қауіпсіз қала” ЖАШ барысында 709 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29-30 қазан аралығында Қарағанды облысының аумағында “Қауіпсіз қала (аудан)” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның аясында жол қозғалысын бақылау күшейтілді. Іс-шараның негізгі міндеті жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтау болды.

ЖАШ кезінде полицейлер тыйым салынған 43 затты тәркіледі. Оның ішінде 36 дана суық қару, бір электрлі қару, бір нунчак, бір патрон табылды. Барлығы 709 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды. 18 қылмыстың беті ашылды.

Мәселен, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішіп, масаң күйде болғаны үшін 199 адам, жаяу жүргіншілер қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 186 адам, қоғамдық орындарды ластағаны үшін 96 адам, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 95 адам, көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 17 адам жауапқа тартылды.

Қабылдау пунктіне 10 адам, уақытша бейімдеу және мас күйінде қалдыру орталығына 56 адам, уақытша ұстау изоляторына 42 адам орналастырылды. 14 азамат әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру