Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мал ұрлығына қатысы бар ер адам анықталды

Түркістан облысында мал ұрлығына қатысы бар ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, жайылымдағы малдарын, яғни 3 бас жылқысын белгісіз біреудің жымқырғанын жеткізді. Тұрғынға бір миллион теңге шығын келтірілген.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1 бабы (Мал ұрлығы) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді.

Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында ауданның тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын мұқият тексеріп, көрген-білген куәлардан жауап алды. Сонымен қатар іске белсене кіріскен түлкібастық сақшылар мал сататын орындарды да шолып шықты.

Осылайша жүргізілген тиянақты істің нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар күдікті ер адам анықталды. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті ер адам түнгі уақытта жайылымда жайылып жүрген жылқыларды көріп, оңай жолмен пайда табу мақсатында ұрлық қылмысын жасаған. Сондай-ақ сезікті қолды қылған үй жануарларын мал-базарға сатып, ақшасын өз қажетіне жұмсаған. Бүгінде полицейлер күдіктінің бұдан басқа да мал ұрлықтарына қатысы бар-жоғын анықтайды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру