Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мас күйде көлік басқарған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Түркістан облысында мас күйде көлік басқарған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сауран ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері қызметтік міндетін атқару кезінде мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушіні анықтады. Яғни, полицейлер Сауран ауданы көшелерінің бірінен кешкі сағат 20:30 шамасында “Ваз-2106” автокөлігінің бұрылыс шамын жақпай жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатты. Тексеру кезінде полицейлер жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктенді.

Аталған жайтты нақтылау үшін медициналық сараптамадан өткізді. Куәландыру қорытындысы бойынша автокөлік жүргізушісінің мас халде екені белгілі болды. 

Полиция қызметкерлері мас жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, жинақталған іс-құжаттарды Сауран аудандық сотына жолдады.

Бүгінде сот жүргізушіні кінәлі деп танып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды. Сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға үкім етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру