Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ер адам жоғалған телефон арқылы тауарлық несие рәсімдеген

Қарағандыда ер адам жоғалған телефон арқылы тауарлық несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне 36 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші бірнеше күн бұрын өзінің телефонын уақытша ұстау үшін ағасына берген. Ал ағасы телефонын жоғалтып алған. Белгісіз біреу ағасының телефонын тауып алып, ондағы мобильдік қосымша арқылы 695 мыңға тауарлық несие рәсімдеген.

Аталған қылмысты ашу бойынша криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы азамат ұсталды. Күдікті телефонды тауып алғандығын және өз пайдасы үшін онымен несие рәсімдегені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру