Түркістан облысында пәтер ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды
Түркістандық полицейлер ізін суытпай пәтер ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазығұрт ауданының полиция бөліміне үйінде ешкім болмаған кезде белгісіз біреулердің үйіне заңсыз кіріп, алтын бұйымдары мен ұялы телефондарын ұрлап кеткені туралы жергілікті тұрғын арызданған.
Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 72 мың теңгені құрады.
Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті азамат ұсталды.
Тергеу барысында оның жергілікті тұрғынның үйіне құлпын бұзу арқылы кіріп, алтын бұйымдары мен 2 дана ұялы телефонын жымқырғаны, ұрланған заттарды сатып жіберіп, ақшасын өз қажеттілігіне жаратқаны анықталды.
Қазіргі таңда бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу амалдары жалғасуда.